$ 483.23  534.74  5.12

Түркіменстан президенті ТМД елдері саммитіне қатыспайтын болды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Душанбеде 27-28 қыркүйекте өтетін (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) ТМД басшыларының саммитіне қатыспайды. «Бейтарап Түркіменстан» ресми газетінің жазуынша, саммитке елдің вице-премьері барады деп жазады Азаттық.

Түркімен президенті 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа аттанады.

ТМД төрағалығы бұл жолы Тәжікстаннан Түркіменстанға өтеді. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзі төрағалық еткен жылдарға есеп беріп, басқару тізгінін енді бейресми түрде Түркіменстан үкіметіне тапсырады. Ашхабад билігі ТМД-ның даму тұжырымдамасын жариялауы тиіс.

Саммитке ТМД елдері - Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Өзбекстан президенттері қатысады деп жоспарланған.

Әзірге ресми Киев Украина басшысының саммитке қатысатыны, я қатыспайтыны туралы жауап бермеді. Украина ТМД құрамынан шығатыны туралы мәлімдегенімен, әлі заңды түрде ТМД мүшесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары