$ 494.87  520.65  4.91

Виктория көліндегі паром апатынан 225 адам мерт болды

Танзаниядағы Виктория көлінде паром апатынан 225 адам қайтыс болды деп жазады РИА Новости.

Апат кемені басқару кезінде бірден бұрылғаннан болған. Тірі қалғандардың айтуынша, капитан телефонмен сөйлесіп тұрғанда паром аударылған.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте 400 жолаушысы бар кеме аударылды. Сол күні судан 209 адамның денесі шығарылса, 2 күннен кейін тағы 10 адамның мәйіті табылды. 23 қыркүйек күні олардың саны тағы жетеуге көбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары