24.09.2018, 06:19

Теміртауда кафелердің бірінде пышақ жарақатын алған 49 жастағы ер адам қайтыс болды

Теміртауда кафелердің бірінде пышақ жарақатын алған 49 жастағы ер адам қайтыс болды деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қылмысқа күдікті ретінде 27 жастағы жігіт ұсталды. Ол кафеде 49 жастағы ер адаммен жанжалдасып, пышақ тығып алғанын мойындады.

Оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қазір уақытша қамау изоляторында. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz