$ 494.87  520.65  4.91

Әскерилерге көп әйел алуға рұқсат

Индонезия қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерге көп әйел алуға рұқсат етті. Бұл туралы The Jakarta Post хабарлады ras.kz.

Мұны Индонезия қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы, бригада генералы Джундан Эко Бинторо арнайы хатпен бекітіп берді.

Алайда әйелдерге бірнеше күйеуге қатар шығуға тыйым салды. Ал көп әйелді ер кісі отбасылық қарым-қатынаста «әділ» болатыны жөнінде жазбаша уәде беруге тиіс.

The Jakarta Post хабарлағандай, аталмыш ереже 2015 жылғы 22 шілдеде өз күшіне енген. Қорғаныс ведомствосы баспасөз хатшысының хатында некелесу мен ажырасудың барлық тәртібі егжей-тегжейлі жазып көрсетілген.

«Еркектерге бірнеше әйел алуға рұқсат етіледі, алайда, әйелдерге бірнеше күйеулі болуға тыйым салынады», – деп жазады басылым.

Сонымен қатар, құжатта ер кісіге қай кезде қосымша әйел алуға рұқсат етілетіні анық атап көрсетілген. Оның басты шарты –  екінші әйелге ие болу сол адамның ұстанатын дінінің заңына қарама-қайшы келмеуі керек.

Сол сияқты, екінші некеге отыруға әйелі өзінің жұбайлық міндетін өтей алмайтын, айтарлықтай ауыр науқаспен ауыратын немесе мүгедек болып қалған, бала тууға жарамайтын халге жетсе ғана рұқсат етіледі.

Ережеге сәйкес, ер кісі өзінің бірінші әйелінің жазбаша келісімі мен екінші жұбайын асырауға жеткілікті табысы бар екенін дәлелдейтін құжат тапсыруы тиіс. Өзінің табысын ол салық декларациясы түрінде көрсетеді.

«Егер осы ереженің бірі бұзылатын болса, ведомство тексеру жұмысын бастайды», – деді генерал.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары