24.09.2018, 09:59

3 млн теңге неси әперген ақтөбелік әйелді ғашығы сол күні тастап кеткен

Көрнекі сурет

Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны сүйгеніне 3 млн теңге несие алып беремін деп сан соғып қалды. 47 жастағы ер адам той өткізетінін айтып, әйелді қарызға батырған деп жазады NUR.KZ.

41 жастағы келіншек сүйгенінің «үйлену» жайлы әңгімесіне сеніп қалған. Ер адам оны сүйетінін айтып, тойға 3 млн теңге несие алдырған екен.

Ғашығының тәтті сөздеріне алданған нәзік жанды оның айтқандарына келісіп, банктен қарыз рәсімдеген.

Алайда ақша қолына тиген 47 жастағы азамат ізім-қайғы жоғалып кеткен.