24.09.2018, 11:27

Атырауда әйелді 3 жасар баласымен көлік қағып өлтірді

22 қыркүйек күні сағат 19:40-та Атырауда әйелді 3 жасар баласымен көлік қағып өлтірді деп жазады azh.kz.

37 жастағы әйел жаяу жүргіншілер жолағынан 3 және 5 жасар баласымен өтіп бара жатқан. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Corolla жүргізушісі оларды қағып кеткен. Анасы мен 3 жасар бала сол жерде жан тапсырды. 5 жасар қыз ауруханада жатыр.

ІІД сотқа дейінгі тергеудің басталғанын айтады. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде Атырау тұрғыны қамауға алынды.