Ақтауда бес жасар бала 100 теңгелік монетаны жұтып қойған деп хабарлайды медицина орталығы.
22 қыркүйек күні емханаға ауа жетпей бес жасар бала түскен.
«Дәрігер-эндоскопист Роллон Елеусінов оған 40 минут бойы операция жасады. Тамағында тұрған монета сол уақытта асқазанына өтіп кетіп, сыртқа шығарылды. Сәби қазір өзін жақсы сезінеді», - деген емхана қызметкері ата-аналарды кішкентай балаларын қараусыз қалдырмай, сақ болуын сұрады.
Дереккөз: Lada.kz