$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы журналистің өлімінің мән-жайы анықталды

Елордада журналист келіншекті өлтірген көңілдесіне іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше түнде қайғылы оқиға орын алды. Журналист И.Бекетованы ашынасы А.Гусейнов оны үйдің кіре берісінде өзге ер адаммен тұрғанын көріп, қызғаныштан өлтірген. Қаза тапқан азаматша мен көңілдес арасында ұрыс-керіс орын алған. Ұрыс-керісті көрген қаза тапқан азаматшаның танысы кетіп қалмақ болған. Алайда ол кетіп бара жатып, оның әйелді ұрып жатқанын естіген. Қайта айналып жоғары көтерілгенде ес-түссіз жатқан әйелді көріп, жедел жәрдем шақырған. Бұл уақытта Гусейнов белгісіз бағытқа бой тасалаған», - деді ресми өкіл.

Оның дерегінше, Бекетова мен Гусейнов ресми некеге отырмаған. Олардың екі баласы бар.

«Қылмыскерді ұстауға елордалық ІІД-нің барлық жеке құрамы мен күштері жұмылдырылды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 1984 жылдың 23 шілде айында Астана қаласында дүниеге келген Гусейнов Анатолий Михайлович іздестірілуде. Кез келген ақпаратты білетін азаматтарға мына телефондар бойынша Астана қалалық ІІД-іне хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 71-60-17, 71-61-47, 71-60-21 немесе кешекшілік бөлім 71-60-10, 71-60-11», - деді Алмас Садубаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары