Қостанайда жоғалып кеткен үш баланың анасы Татьяна Кириленко аман-есен табылды. Бұл туралы әйелдің әпкесі айтып берді деп жазады kstnews.kz.
«Іздеуге көмектескендеріңізге рахмет. Қазір ғана полициядан хабарласты. Әпкем аман-есен табылыпты. Бірақ осы уақытқа дейін қайда болғанын әлі айтпады», - дейді ол.
Еске сала кетейік, 42 жастағы Татьяна Кириленко 10 қыркүйек күні үйінен шығып, қайтып оралмаған. Үш баласы бар. Олардың екеуі камелет жасқа толмаған