26.09.2018, 06:24

Қуандық Бишімбаевтың зәулім үйі мәдениет үйіне айналды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев зәулім үйі Мәдениет үйіне айналмақ. Сотталып кеткен шененуніктің коттеджі Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қосшы елді мекенінде орналасқан. Бұл туралы аудандық әкімшілік хабарлады.

Жергілікті биліктің ақпаратына сүйенсек Бишімбаевтың коттеджі 7-ші қыркүйек күні мәдениет бөліміне өткен. Жылдың соңына дейін Мәдениет үйі жұмысын бастап кетеді. Ол жерде он үйірме ашылып, 20 жұмыс орыны ашылады.

Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысының үйі 500 шаршы метр. Үш жатын бөлмесі мен монжасы және ашық бассейні бар. Коттедж аңшылық үй ретінде салыныпты.

2018 жылдың 14 наурызында Қуандық Уәлиханұлына қатысты сот үкімі шығып, 10 жылға сотталған болатын. Дүние-мүлкі тәркіленіп өмірбақи мемлектетік қызметте басшылық орынға отыру құқынан айрылды.

Дереккөз: Zhasalash.kz