26.09.2018, 09:58

Алматыда екі қызды бірдей қағып кеткен жүргізуші тоқмастан ізін суытты

Алматыда екі бірдей қызды қағып кеткен шетелдік автокөлік жүргізушісі тоқтамастан қашып кетті деп жазады Sputniknews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, екі қыздың қолындағы заттары 10 метрге дейін ұшып кеткен. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жағдайларының ауыр екенін айтады.

Көлік маркасы BMW болуы мүмкін. Дәл қазір оқиға болған жерде тексеріс жүргізіліп жатыр.