14.08.2015, 09:21

«Qazaq Air» әуе компаниясы ресми сайтын іске қосты

flyqazaq.com

Қазақстандық «Qazaq Air» жаңа әуе компаниясы билеттерді брондау тетігі бар өзінің ресми сайтын («flyqazaq.com») іске қосты.

Веб-ресурстың басты бетінде әуе компаниясы мысал ретінде бірнеше бағыттарды көрсеткен. Атап айтқанда, Алматы-Астана мен Алматы-Шымкент бағдарларын 10 495 теңгеден, сондай-ақ Алматы-Павлодар бағдарын 10 916 теңгеден белгілеген екен.

«Qazaq Air» АҚ - Қазақстандағы ішкі бағдарларға қызмет көрсетуге негізделген аймақтық әуе компаниясы. Оның 100 акциясы «Самұрық-Қазына» қорының  иелігінде. Компания биылғы сәуірде тіркеуден өтті. «Qazaq Air» әуекомпаниясы ұшу қауіпсіздігінің ең жоғары халықаралық және ұлттық талаптарына сәйкес, турбовинтті ұшақтарды пайдаланады.