«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің екі облысында дабылды ескерту жариялады деп хабарлайды Вaq.kz.
27 қыркүйекте күннің соңында және 28 қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде дауыл, бұршақ жауады.
28 қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысында батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
28 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды, жел оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде кей жерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. 29 қыркүйекте кей жерде жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Көкшетау қаласында 28 қыркүйек күндіз күші 15-20 м/с жел оңтүстік-батыстан соғады.
Еске сала кетсек, «Қазгидромет» РМК бүгін Астанада дабылды ескерту жариялаған болатын.