$ 494.87  520.65  4.91

Үлкен Алматы өзені арнасынан асып кетті

Алматының жоғары жағында қатты жаңбырдан Үлкен Алматы өзені сағасынан шығып кетті.

Куәгердің хабарлауынша,  өзен суы жайылған. Су жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Нөсер жауын қалада бейсенбінің кешінен бері жауып, әзірге дейін тоқтамай тұр. Қалалық ТЖД жедел кезекшісі тұрғын үйлерді су алу қаупі жоқ екенін хабарлады. "Өзен, расында, жүргіншілер жолына шығуда, үйлерге су басу қаупі төніп тұрған жоқ ", - деді ТЖД кезекшісі.

Бұдан бұрын ТЖД тамыздың 14-17 аралығында жауын салдарынан селдің жүруі мүмкін екенін хабарлап, дабылды ескерту жариялаған болатын.
 

kaz.gazeta.kz

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары