Өзбекстан азаматы Атырауда көлік апатынан қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға Жайық өзеніндегі көпір маңында, Балықшы шағынауданы аумағында болған. Рульде 47 жастағы жүргізуші болған «ГАЗ-53» көлігі жаяу жүргінші өтуге болмайтын жерден көшені кесіп өткен адамды қаққан. Мерт болған - 27 жастағы Өзбекстан азаматы.
«Адам өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде»,- деді ІІД баспасөз қызметі.