28.09.2018, 04:41

Қызылорда облысында 13 жасар қыз зорлықпен өлтірілгеннен кейін полицейлер жазаланды

Қызылорда облысы ІІД басшысы Қайрат Мұхитов ауыл тұрғындары арасында резонанс тудырған жағдайдың көп өзгерістер енгізуге себепші болғанын айтты деп жазады Sputniknews.kz. 

Естеріңізге сала кетсек, шілде айының ортасында Қызылорда облысы Шалқия ауылы Жаңақорған ауданында 13 жастағы қызды зорлап, артынша өлтіріп кеткен еді. Күдікті ретінде марқұмның ауылдасы ұсталды.

31 жастағы ер адам бірден қолға түсті. Жуырда оның кінәсін мойындап, қамауға алынғаны белгілі болды.

Ер адам Шалқияда тұрып жатқан анасының үйіне келіп, ауылдағы мектеп оқушысын зорлаған. Кейін оқушыны басын қош-блокпен ұрып өлтірген. Жасөспірім анасымен бірге ескі бес қабатты үйде тұрған. Қайғылы жағдай болған уақытта анасы жұмыста жүрген. Қылмыскер жасөспірімді осы үйдің бос тұрған қабатына апарып зорлаған.

Күдікті ұсталғаннан кейін жергілікті тұрғындар оның отбасынан Шалқия ауылынан көшіп кетуді талап еткен. Бұдан кейін полицейлер ауылда тексеріс жүргізіп, 689 үйде қанша адамның тұрып жатқанын анықтайды. Халыққа қылмыс пен қауіпсіздік туралы профилактикалық шаралар өткізген.

Рейд кезінде ауылда Ресей, Армения және Өзбекстаннан келген тоғыз мигрант тұрып жатқаны анықталады.

«Шалқияда болған жағдайдан кейін қорытынды шығарылды. Қызметтік тексеріс жүргізілді. Ауыл учаскелік полицейі осыдан кейін қызметінен босатылды. Ал жетекшілері жазаланды», — деді Қайрат Мұхитов.

Сондай-ақ, ол түсіндіру жұмыстарының қарқынды түрде қолға алынғанын жеткізді.