$ 498.34  519.72  4.85

Журналисті өлтірген қылмыскер ұсталды

ІІМ криминалды полиция департаментінің қызметкерлері Ақмола облысы Аршалы ауданы Ижевское ауылындағы Есіл өзенінің жағасынан астаналық журналисті өлтіріп, қашып кеткен күдікті азамат Гусейновті қолға түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

24 қыркүйек күні түнде NUR.KZ порталының Астана қаласындағы тілшісі Ирина Бекетованы өзімен бірге тұратын азамат қызғаныштан ұрып өлтірген болатын.

Қылмыс жасаған соң қашып кеткен күдіктіні іздеу шараларына ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған еді.

Қылмыскерді ұстау операциясы өте тез аяқталған. Ол ешбір қарсылық көрсетпеген және қашуға да әрекет етпепті.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Астана полициясы журналисті өлтірген күдіктінің кім екенін анықтағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары