$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент тұрғыны өз қызын пышақтап тастады

Шымкентте ер адам өз қызын пышақтап тастаған. Осы қылмыстық іске қатысты Абай аудандық сотында сот процесі басталды деп жазады Otyrar.kz.

Әкесі 28 жастағы қызын ашу үстінде асхана пышағымен жарақаттаған. Нақтырақ айтқанда, кикілжің кезінде қызының арқа тұсынан екі рет пышақпен соққылаған. 1960 жылы туған, Қазығұрт шағынауданының тұрғынына ҚР ҚК — нің 106 бабының 1-ші бөлігімен айып тағылып отыр. Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын толық мойындаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары