28.09.2018, 10:08

Семейде тұрғын үй өртеніп, ер адам тірідей жанып кетті

25 қыркүйек күні Семейде тұрғын үй өртеніп, ер адам тірідей жанып кетті деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Жамбыл көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, тілсіз жау тұрмыстық техникалар мен есік терезелерді шарпыған. Өрттің жалпы аумағы - 150 шаршы метр.

Жалынды өшіру барысында ас үй бөлмесінен 1967 жылғы ер адамның өлі денесі табылған.

Төтенше жағдай өрт қауіпсіздігін сақтамағннан болған.