$ 481.84  531.33  5.07

Қырғызстанда Ердоғанның ханымы кептелісте тұрып қалғаны үшін полицейлер жұмыстан шығарылды

Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған Қырғызстандағы Қыршын шатқалында кептелісте тұрып қалды деп хабарлайды 24.kg.

Басылымның мәліметінше, Эмине Ердоған Бүкіләлемдік көшпенділер ойынына жұбайымен бірге бара жатқан. Қырғызстанның ІІМ өкілдері осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп, үш полицейді жұмыстан шығарған.

ІІМ баспасөз қызметі өкілдерінің сөзіне қарағанда, басқа қызметкерлер мен милиция бөлімшелерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Қызметтік тексеріс барысында басқа да қызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны анықталған. Олар қажетті мемлекеттік орган өкілдерімен байланыста болмаған. Нәтижесінде ресми делегация келу кезінде осындай жағдай болды», - деп түсіндірді Қырғызстанның ІІМ өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары