$ 443.85  474.3  4.8

Бір адам қаза тапты: Астанада жатақхана контейнерінде өрт шықты

Астанада 28-нен 29-на қараған түні жатақхана контейнері өртеніп, бір адам қайтыс болды деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға Алаш көшесінде болды. Контейнерлерде қоқыс өңдеу зауытының 25 жұмысшысы тұрыпты.

Өрт 150 шаршы метр аумақты алған. 20-дан астам өрт сөндіруші жұмылдырылып, жалын таңғы сағат 5-те өшірілді.

Контейнерлердің бірінен құтқарушылар 28 жастағы жұмысшының өлі денесін тапты. Ол 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары