29.09.2018, 10:00

Оңтүстік Каролинада ұшақ жарылып кетті (ВИДЕО)

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында әуежайға енді ғана қонғалы жатқан ұшақ жарылып кетті деп жазады Lenta.ru.

Dassault Falcon 50 ұшағы жерге қонғалы жатқанда жолақтан тысқары шығып, шашылып қалған.

Бортта 2 ұшқыш пен 2 жолаушы болған. Ұшқыштың екеуі де қаза тапты. 2 жолаушы аурухана жатыр. Жағдайлары ауыр.

Ұшақтың қайдан ұшып келгені белгісіз. Апат салдары анықталып жатыр.