$ 540  630.72  6.72

Зарина Дияс Бейжіңнің негізгі турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Бейжің турниріндегі іріктеу сайысының финалында ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен күш сынасты деп жазады ҚазАқпарат.

Зарина әлемдік рейтингте 92-інші орында, қарсыласы одан бір саты жоғары тұрғанына қарамастан, ойын қазақстандық теннисшінің айқын басымдылығымен өтті.

З.Дияс алғашқы партияда Уотсонға бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет те оның пайдасына шешілді - 6:3.

Кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды.

Осылайша Зарина Дияс Бейжіңнің негізгі турниріне жолдама алды. Оның ендігі қарсыласы кейін анықталады.

Іріктеу сайыстарына сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-інші ракеткасы Юлия Путинцева да қатысуда. Ол алғашқы бәсекесінде қытайлық Ифань Сюйді 6:0, 6:4 есебімен оңай ұтты. Қазіргі сәтте ол іріктеу сайысының финалында әлемнің 111-інші ракеткасы, америкалық Кристина Макхейлмен негізгі турнирдің жолдамасын сарапқа салуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Бейжіңде іріктеу сайысының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары