Индонезияда цунами салдарынан болған екі жер сілкінісінен 384 адам қайтыс болды. Көз жұмғандар саны аруы мүмкін деп жазады Азаттық.
Магнитудасы 7,4 жер сілкінісі 28 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша кешкі алтыда болған. Жер дүмпуінің эпицентрі Сулавеси аралындағы Палу қаласынан 80 шақырымда болған.
Палу қаласындағы әуежай жабылған. Жақын қалалармен байланыс үзілген. Қалаға тек тікұшақтардың қонуына рұқсат берілген. Палуда шамамен 350 мың адам тұрады. 260 миллион халқы бар Индонезияда жер сілкінісі жиі болады.