$ 439.43  473.31  4.82

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 832 адамға жетті (ВИДЕО)

Индонезияның Палу қаласында болған жер сілкінісі мен артынша пайда болған цунами салдарынан 832 адам қайтыс болды деп хабарлады Табиғи апаттардың салдарымен күрес ұлттық басқармасы.

Бұған дейін қаза тапқандар саны 420 адам, жараланғандар 540 адам деген ақпарат тараған болатын. Бір тәулік ішінде құрбандар саны екі есеге дейін өсті.

Айта кетейік, зілзала жұма күні таңертең Сулавеси аралындағы Палу қаласына жақын маңда болған еді. Оның магнитудасы 6,1 балды құрады.

 

Араға біршама уақыт салып дәл осы маңда қуаттылығы 7,4 балл болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Мұнан кейін Палу қаласына биіктігі 2 метрден асатын цунами тап берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары