$ 443.85  474.3  4.8

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Достас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары