01.10.2018, 11:58

Жағдайы ауыр: Ақтауда менингококк инфекциясымен әскери қызметкер ауруханаға түсті

Маңғыстау облыстық ауруханасына менингококк инфекциясымен әскери қызметкер түсті деп жазады Lada.kz.

1997 жылғы әскери қызметкер 30 қыркүйек күні сағат 17:30-да ауруханаға жеткізілді.

Науқас 27 қыркүйек күні басы ауырып, қызуы 39 градусқа дейін жетіп, медицина қызметіне жүгінген. Дәрігерлер оған менингококк инфекциясы бар деген диагноз қойып отыр. Жағдайы ауыр.