Астана қаласында эскорт-қызметін ұйымдастырған азаматша тұтқындалды. «Жеңгетай» болған әйел Өзбекстан азаматшаларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.
Тергеу барысында 40 жастағы азаматтың сексуалды қызмет көрсету бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.
Ол шетелден келген қыздардың төлқұжаттарын тартып алып, оларды мәжбүрлі түрде жезөкше атандырған.
«Біздің төлқұжаттарымызды тартып алды. Ақша бермейтін. Күніне 17 мың теңге табасыңдар деген шарт қойды», - дейді жәбірленуші қыздардың бірі.
Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 8 төлқұжат табылды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтарына тиесілі болып шықты.
Қазіргі таңда жапа шеккен қыздар жекеменшік қорға жеткізіліп, оларға тиісті көмек көрсетілуде.
Дереккөз: NUR.KZ