$ 447.4  477.55  4.76

«Мыналарың ұят, достар»: Винокуров Үлкен Алматы көлін қоқыстан тазартты (ВИДЕО)

Қазақстанның атақты велошабандозы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Үлкен Алматы көлін қоқыстан тазартты. Спортшы Instagram-парақшасына осынау сәттегі видеосын жүктей отырып, көпшілікті тазалық сақтауға шақырды.

«Мыналарың ұят, достар. Сендердің арттарыңнан табиғатты қоқыстан тазартуға тура кеп отыр», - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Викокуров темекі тұқылдарын, басқа да жағымсыз иісті қоқыстарды өзі тазартып, басқаларға үлгі көрсетті. Табиғат аясына келген қазақстандықтарды жүрген-тұрған жерлерін тазартып жүруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары