Бангкоктағы жарылысқа қатысы бар деген күдіктінің суреті жергіліктін құқық қорғау қызметкерлері қолға түсірді. Лаңкестік жасаған адам бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Әзірге оның ұлты араб болуы мүмкін деген мәлімет бар.
Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Бангкоктағы жарылыстан 21 адам қаза тапқан. 120-ға жуығы жарақат алды.
Еске сала кетейік, кеше кешкісін Таиланд астанасындағы іскерлік және туристік орталықта бомба жарылған болатын. Жарылғыш зат индуизм дініне табынушылардың ордасы Эраван ғибадатханасынан бірнеше метр жерде іске қосылған. ҚР СІМ бұл лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екендігін ресми растады. Таиланд құқық қорғау органдарының жарылыстың қайталану қаупінің сақталынуы туралы ескертуін назарға ала отырып, Сыртқы істер министрлігі Бангкоктағы Қазақстан азаматтарына қаланың орталық аудандарына, адамдар көп жиналатын орындарға уақытша бармауға кеңес береді.