$ 443.85  474.3  4.8

Семейде қойды 111 рет көтерген бойжеткен жұртты таң қалдырды

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мемлекеттік университетте «АгроСемей-2018» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесі өтті деп жазады Алтайньюс.

Көрмеге келушілер назарына облыстағы асыл тұқымды жылқылар, қазақтың ақбас сиыры, түйе мен ұсақ малдардың түрлері де көрсетілді. Қыран, бүркіт, қырғауыл сынды құстар мен үй қояндарының небір түрлерін көруге болады.

-Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған көрмеге, облыстан басқа, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Франция, АҚШ пен Қытайдан келген айтулы мамандар, өз ісінің білгірлері де қатысып отыр,-деді Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров.

Сондай-ақ шара барысындағы сайыста 185 рет қой көтерген Марат Оразбаев бас жүлдеге ие болса, қойды 111 рет көтерген Айым Нұржанова да жеңімпаздар тұғырына көтерілді. «Алтай» шаруа қожалығының басшысы Меллат Дүйсенбаевтың демеушілігімен екі мықтыға да бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары