Ақмола облысы Шортанды аудан орталығының балабақшасында тәрбиеші туберкулезге шалдыққаны белгілі болды.
КТК арнасы хабарлағандай, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкері туберкулезбен ауырса да, балалармен жұмыс істеуді жалғастыра берген.
Қазір 23 жастағы қыз тубдиспансерде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Болған жайттан кейін санитарлық дәрігерлер ғимаратты зарарсыздандырып, балалар Манту сынамасын тапсырыпты.
Балабақшаға барып жүрген балалардың ата-аналары айтқандай, олардан тәрбиешінің қауіпті дерті жайында жасырып келіпті.
Балабақшаның медициналық қызметкерінің сөзіне сүйенсек, тәрбиеші маусым айында қаралғанда, науқасы анықталмаған.
Телеарна мәліметінше, балалардың бірі туберкулез жұқтырса, ауыл тұрғындары сотқа арыз береміз деп отыр.