$ 494.87  520.65  4.91

Сарыағашта зорланды деген 13 жастағы баланың ісін облыстық ІІД қатаң бақылауына алды

Бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 13 жастағы бала өзін жоғарғы сынып оқушылары зорлап келгенін айтқан еді. Осыған қатысты облыстық ІІД істі қатаң бақылауға алатынын мәлемдеді.

Зорланды деген жасөспірімнің отбасы 10 қыркүйек күні Түркістан облысы ІІД Сарыағаш АІІБ-не арызданыпты.

«Онда жиеніне қатысты екі жасөспірім сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасағаны туралы көрсеткен. Аталған жайт Сарыағаш АІІБ СДТБТ-не тіркелді. Полицейлермен ҚР ҚК-нің 121-бабы «сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Бұл қылмыстық іс Түркістан облысы ІІД басшылығының жеке бақылауында», - дейді Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 13 жастағы бала өзін жоғарғы сыныпың 2 оқушысы қалай зорлағанын айтып берген болатын. Ол өзінің жалаңаш суреттері телефон арқылы таралып кеткеннен кейін ғана осы сұмдықты баяндауына тура келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары