$ 482.86  533.17  5.08

Мерзімді депозиттегі ақшаларын ерте алғандарға айыппұл салынады

Енді мерзімді депозиттен ақшаны ерте алғандарға айыппұл салынады. Бұл жайлы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры айтып берді жазады Қазақпарат.

«Депозиттің барлық түрлері – мерзімді, мерзімсіз, шартты депозиттер бойынша салымдар сақталады. 1 қазанға дейін ашылған салымдар мерзімі ұзартылған сәтке дейін өзгермейді. Бірақ, 1 қазаннан бастап ашылған мерзімді және мерзімсіз салымдарға ашу және қызмет көрсету шарттары өзгереді. Тұтынушылар расында сыйақыны жоғалтпай кез келген уақытта ақшаны толтыруға мүмкіндік беретін депозиттерге сұраныс көп. 1 қазаннан бастап мерзіміне қарамастан депозиттің сыйақы мөлшерлемесі 10,5% болады», – деді Нұрлан Әбдірахманов.

Сондай-ақ, ол мерзімінен бұрын алынатын қаржы үшін айыппұл салынатынын атап өтті.

«Мәселен, банктің келісімшартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ын қайтарып алуға болады. Мерзімді салымға 100 мың теңге берілді деп есептейік. Оның 12 айдағы жылдық тиімді пайыздық мөрлшерлемесі 12 пайыз болады. Депозит 10 айдан кейінгі мерзімде қайтарып алынса, жинақталған сыйақымен бірге 104 958 теңге сомасында беріледі. Жалпы жинақталған сыйақының 50%-ы 4 958 теңге. Депозитті мерзімінен бұрын жабуға байланысты банкте қалатын сома 4 958 теңге болады. Бұл айыппұл деп есептесек болады. Егер салым мерзіміне сәйкес алынса 112 015 теңге төленеді. Оың ішінде сыйақы сомасы – 12 015 теңге », – деді қор басшысы.

Сондай-ақ ол мерзімді депозиттер бойынша шектеулі пайыздық мөлшерлеменің шкаласы бекітілгенін атап өтті.

Мерзімді депозиттер бойынша шектеулі пайыздық мөлшерлеменің шкаласы бекітіледі.

Бұған дейін Ұлттық банк 1 қазаннан бастап теңге депозиттері бойынша шарттар өзгеретінін айтқан болатын теңгедегі депозит шарттары өзгеретінін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары