Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің ортасында ер адам қысылып қалды деп жазады inAlmaty.kz.
Instagram әлеуметтік желісінің kris_p_brothers парақшасында Төле би мен Сейфуллина көшелерінің қиылысында ер адамға медициналық жедел-жәрдем көлігінің көмек көрсеткен сәтіндегі видеосы жарияланған.
Джип көлігі троллейбусқа соғылып, екі көліктің ортасында ер адам қысылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, ақ көліктің жүргізушісі жолда жылдамдықты асыра қолданған.