$ 494.87  520.65  4.91

Астанада науқасты тепкі астына алған дәрігер жұмыстан шығарылды

Астанадағы №2 қалалық ауруханада науқасты тепкі астына алған медицина қызметкері жұмыстан шығарылды деп хабарлайды аурухананың бас дәрігері Сергей Демочкин.

Оқиға қыркүйектің 1-інен 2-сіне қараған түні болған. Алкогольді ішімдік ішкен ер адам ауруханаға жедел-жәрдеммен жеткізіліпті.

«Бас жарақатын алған науқасты нейрохирург қабылдап, дәрі жазып берген. Әлгі ер адам аурханадан кетіп қалып, қайта оралған. Ол кезде дәрігер басқа науқасты қабылдап жатқан. Ал ол болса, телефонын сұрап, аузына келгенін айтады. Сөйтіп, ол дәрігерді жекпе-жекке шақырады. Біздің қызметкер теуіп құлатады. Сосын ары қарай видеодан көргендеріңіздей жағдай болады.

Дәрігер жұмыстан шығарылды», - деген Демочкин алкоголді ішімдік ішіп, ауруханада шу шығаратындардың саны аз емес екенін айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде науқасты тепкіге алған медицина қызметкерінің видеосы жарияланған болатын. Алайда Астанадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны растамаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары