$ 494.87  520.65  4.91

Ольга Рыпакова жаңа жүлденің тамаша көңіл-күй сыйламағанын мәлімдеді

Олимпиадасының күміс жүлдегері деп танылғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл хабарды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі жеткізген-ді деп жазады altaynews.kz.

Бірақ даңқты жерлесіміздің өзі бұл жүлдені қабылдай алмайтындығын айтты.

– Әр нәрсенің өз уақытымен болғаны жақсы. Жүлде ұтып, тұғырда тұрған сәттегі қуанышыңды ештеңемен де салыстыруға болмайды. Бүгінгі жеңіс маған ондай тамаша көңіл күй сыйламады, – дейді спортшы.

Ольга Рыпакова мұндай жеңісті спортшы өз күшімен жеңіп алуы тиіс екендігін айтады.

– Тыйым салынған дәрі-дәрмекті пайдалануға үзілді-кесілді қарсымын. Жеңіске ақ жолмен жету керек, – деді ол.

Ольга Рыпакова жоғарыда өзі айтқандай тамаша көңіл күйді Токиода болатын Олимпиадада сезінгісі келетіндігін айтып қалды сөз арасында.

– Токиода болады деп жоспарланған Олимпиадаға қатысқым келеді. Ол үшін жақсы даярланып, жарақат алмауға тырысу керек. Бірақ менде одан бұрын да жоғары деңгейдегі жарыстар бар. Әлем чемпионаты мен «Гауһар лига» күтіп тұр, – деді спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары