Балқашта із-түссіз жоғалып кеткен екі жасар сәбиді іздестіріуге 300 адам жұмылдырылды деп жазады Sputniknews.kz.
Бала үйдің ауласына шығып кеткен, содан бері оралмаған.
Бекнұр Дәрігүл 2 қазан күні сағат 12.00-ден бастап жоқ. Ол Техснаб ауылындағы жер үйдің ауласына шыққан. Сәбидің ата-анасы оның қақпаны қалай ашқанынан бейхабар.
Ерікті топтағылар үйдің айналасында Балқаш көліне қарай ағып жатқан каналдың барын айтады.