$ 498.34  519.72  4.85

Таразда түрме басшысы мен жүргізушісі жол апатынан қаза болды

Таразда түрме басшысы мен жүргізушісі жұмысқа жетіп үлгермеді. Олар жол апатынан көз жұмды. Тағы бес адам ауыр жарақатымен ауруханаға түсті деп хабарлайды КТК арнасы.

Алдын ала болжам бойынша көліктің бірінің алдыңғы жапқышы ашылып кетіп екінші көлікке соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, «Мерседес» көлігінің жапқышы ашылып кеткен. Жүргізуші дереу қарсы бағытқа шыққанда алдында келе жатқан көлікке соғылған. Ол көліктің ішінде түрме басшысы мен 4 әріптесі отырған. Екі көліктегі 4 адам ауыр жағдада ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты іс қозғалды. Апатқа кінәлі 41 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр.

«Зардап шегушінің бірі ауыр халде. Бауыры зақымданған, аяғы, жамбасы сынған, бауыры зақымданы үшін хирургиялық операциялар жасалды», – дейді Тараз қаласындағы № 1 аурухананың орынбасары Сәкен Жұмашев.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары