$ 443.35  475.54  4.82

Көшеден өткендерге тас лақтырды: Алматылық мұғалім оқушыны не себепті ұрғанын айтты

Алматыда балаларға қол жұмсаған мектеп-интернаттың тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Қатаң тәртібімен танылған тәрбиешінің оқушыларды ұрып-соққан сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен еді. Педагогтан жәбір көрген баланың анасы тәрбиешіні сотқа берді. Алайда, оқушыларды жұлқылап, шапалақпен тәртіпке салған қызуқанды мұғалім бұл әрекетке мәжбүрлі түрде бардым деп жыларман болып отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

19 қыркүйекте интернаттың алаңында ойнап жүрген оқушылар мына үйдің итіне тас лақтырыпты. Алайда, тас үйдің иесіне барып тиген. Ол бұзықтарды жазалау үшін интернат басшылығына шағымданыпты.

Осы жағдайдан кейін оқушыларды тәртіпке салмақ болған тәрбиеші әлеуметтік желіде жұлдызға айналып шыға келді. Видеода қатал педагог үш оқушыны тақта алдына шығарып, сыныптастарының көзінше оларды түрткілеп, айғалап жатыр.Тіпті бір баланың бетін шымшып, шапалақпен аямай соққан.

Тентек тәрбиешіден жәбір көрген 5 сынып оқушысы Әділеттің анасы Қаламқас Жұмабекқызы видеоны көріп, шошып кетіпті. Сол оқиғадан кейін өз-өзіне келе алмай жүрген жалғызбасты ана шектен шыққан тәрбиеші заң алдында жауап беруі тиіс дейді. Себебі, балаларға теперіш көрсетуі бірінші рет емес екен.

«Кейбір ата-аналардың айтуынша, балаларының аузына дейін түкіріп каблугымен тебеді екен. Бір бала дұрыс жүрмесе, барлығын жазалайтын көрінеді. Баламды мен қорғамасам, ешкім қорғамайтынын көзім жетіп, органдарға арыз жаздым. Әділдік талап етем», - дейді Әділеттің анасы Қаламқас Жұмабекқызы.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш мектеп-интернатын қалалық білім басқармасы бақылауға алып, Динара Сәденова бұдан былай тәрбиеші қызметінен аластатылады.Ал, баламды ұрды деп арызданған ана тәрбиеші жазасыз қалмауы үшін күш саламын деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары