04.10.2018, 04:08

Ақтауда терезе астындағы қоқыстың кесірінен үй өртенді

Ақтауда терезе астындағы қоқыс жәшігінің кесірінен үй өртенді деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Өрт 3 қыркүйек күні түнгі сағат 2-де 11-шағын аудандағы 22-үйден шыққан. Алдымен картон қағаздар, сосын қоқыс жәшігі өртеніп, қызыл жалын үйді шарпыған.

«Өрт үйдің 2,3-қабатына дейін барған. Тұрғындардың терезелері жанып кетті. Шапа шеккендер жоқ», - дейді жергілікті ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Дерекккөз: Inaktau.kz

Тегтер: Ақтау өрт ТЖД