04.10.2018, 06:05

Желіде балабақша тәрбиешісінің сәбилерді шетінен ұрып жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде тәрбиешінің балаларды қолындағы белгісіз затпен ұрып жүрген видеосы жарияланды.

Instagram-парақшасындағы Almaty.life тобында жарияланған бұл кадрда тәрбиеші партадада жантайып жатады. Кенет басын көтеріп, балаларға аяңдайды.

«№78 балабақша. Тәриеші ұйықтау үшін тыныш отырмаған балаларды сызғыш не телефонмен ұрып жүр», - деп жазған видео авторы.

Автордың айтуынша, оқиға Алматыдағы №78 балабақша болған.