$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев ең төмен жалақыны бір жарым есеге өсіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырды деп жазады Tengrinews.kz.

«Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін көмек болады. Бұл барлық салада, түрлі меншікті кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген 1,3 миллион адамның жалақысын өсіреді», - деді Президент.

Еске сала кетейік, кеше, Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді.

«Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды», - делінген еді хабарламада.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары