$ 447.4  477.55  4.76

Астанада жылу тарифтері қымбаттай ма?

Бүгінде өз өтінімдері бойынша 127 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етуге қосылған деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жылу тарифтері жыл аяғына дейін бұрынғыдай қалады. Бұл туралы жылыту маусымына арналған брифинг барысында «Астанаэнергосервис» АҚ төоағасының орынбасары Михаил Косачев айтты.

«Баға өзгермейді. Жыл басында қалай бекітілді, солай қала береді. Біздің станциядан жылу мен электр энергиясына берілетін тарифтер жыл соңына дейін өзгермейді. Бізде тарифтер бес жылға есептеледі. Біз тарифтерді 2015 жылы бекіттік. Тариф өсімі болмайды», - деді М.Косачев.

Сонымен қатар ол, бүгінге дейін өз өтінімдері бойынша 127 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етуге қосылғанын айтты. Жылу 18 денсаулық сақтау нысанына, 72 балабақша, 16 мектеп, 11 орта оқу орнына, 3 мәдениет нысанына берілген.

«Әлеуметтік сала объектілері бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, яғни үйлер келіп түскен өтінімдеріне сәйкес қосылады. Егер кімде кім жылудың ертерек берілгенін қаласа, онда ПИК тиісті өтініш беруге тиіс, ал біз үйді жылуға қосамыз», - деп түсіндірді М.Косачев.

Айта кетейік, энергия кешенінің дайындығы 98 % астам. ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де жоспарлы жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, тұрақталған ауа температурасы +10 °С және одан да төмен болған бес тәулік ішінде жылу беру маусымы басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары