$ 494.87  520.65  4.91

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Теміртау қаласының әкімшілік сотының шешімі бойынша айыппұл салынды. Кәсіпорын мұнай өнімдерін қосымша қондырмасыз өткізгендері үшін айыпталып отыр деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Сот материалдары бойынша «АрселорМиттал Теміртау»  «Оқжетпес» компаниясына жалпы құны 67,9 млн теңге болатын мұнай өнімдерін сатқан.

«АМТ мұнай өнімдерін сату кезінде қосымша қондырмалар рәсімделмеген», — деп жазылған хабарламада. «АрселорМиттал Теміртау» кінәлі деп танылып, 800 айлық есептік көрсеткіш немесе 1,58 млн теңге көлемінде (8 мың доллардан астам) айыппұл салынды. Сондай-ақ, «Оқжетпес» компаниясымен келісім кезінде алынған 60,6 млн теңге (322 мың доллар) көлеміндегі табыс тәркіленді.

Айыппұл және тәркіленген сома мемлекет пайдасына толық көлемде қайтарылды.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары