$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге 600 миллиард теңге бөлінеді

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдеріне қазақстандық банктерге 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ішкі нарықтағы жағдай біздің үкіметтің негізгі бағдары болуы тиіс. Сондықтан үкіметтегілерге алдағы үш жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіп пен шикізаттық емес экспортты қолдауға 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Ал ұлттық банктегілерге өзге банктерге теңге өтімділігі үшін кем дегенде 600 миллиард теңге бөлуді тапсырамын», - деді Назарбаев.

Мұның алдында Президент ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырған болатын. «Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. (...)», - деген еді Назарбаев. Сондай-ақ, ол жолдауында ҰҚК өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды.

Еске сала кетейік, кеше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді. «Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды», - делінген еді хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары