Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев полицейлердің жалақысын көтеріп, жағдайын жасауды тапсырды.
Сондай-ақ, Елбасы оларды тұрғынүймен қамтамасыз етуді де үкіметке жүктеп отыр.
«Полицейлерді көргенде халық өзін қауіпсіз сезінетін жағдайға жетуі керек. Олардың жалақысын өсіріп, жетпесе, қосымша қаржы қарастырамыз», - деді Назарбаев.
Сонымен қатар Президент Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа полицейлердің барлығын аттестациядан өткізуді, олардың санын көбейту мақсатында заңгер мамандығын бітірген жас мамандарды арнайы 6 айлық курсқа жіберіп, жоғары жалақымен жұмысқа алуды тапсырды.