Президент екінші Назарбаев Университетін ашуды тапсырды деп жазады Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, университеттер жұмысқа орналасқан түлектердің санына қарап бағалануы тиіс.
«Нарықта тек жоғары біліммен қамтамасыз ете алатын университеттер қалуы керек. Назарбаев Университетіндегі шетелдік үздік менеджерлерді ескере отырып, жаһандық университеттермен серіктестікті нығайту маңызды. Басқа университеттер, мысалы, бұрынғы Экономика және сауда университеті студенттерді тартатын. ҚазҰУ да жақсы жұмыс істейді», - деді Назарбаев.
Осы ретте Қазақстан Президенті Назарбаев Универсиеті сияқты тағы бір оқу орнын ашуды тапсырды.
«Сондағы білім инфрақұрылымының негізінде Назарбаев Университетінің үлгісіндегі тағы бір өңірлік оқу орнын ашу қажет деп санаймын. Ол политехникалық университет болатын шығар», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Назарбаев Университет Президенттің бастамасы бойынша 2010 жылы ашылған болатын.