$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық шенеуніктердің бір жылда өткізген жиналыстарының жалпы ұзақтығы 100 тәулікті құраған

Қазақстандық шенеуніктер жиналыс өткізуге әлі де құмар. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауын жариялау кезінде айтылды.

Астанада өтіп жатқан жиында ҚР Президенті канцеляриясының жетекшісі Махмуд Қасымбеков шенеуніктердің жиналысқа тым көп уақыт жұмсайтынын айтты. Оның сөзінше, мемқызметкерлердің бір жылда өткізген барлық жиынының уақыты 100 тәуліктік уақытқа пара-пар болыпты.

Мұны естіген Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа ескерту жасап, мемқызметкерлерді түнге дейін жұмыста ұстап отырмау керектігін айтты. Назарбаевтың айтуынша, бір күнде 7 жиналыс өткізген шенеуніктер де болған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары