Дәрігерлер 4 қыркүйек күні бетін плита жаралаған астаналық қыздың жағдайы жайлы айтты деп жазады NewTimes.kz.
Туберкулезге қарсы диспансердегі ойын бөлмесінде оқыс жағдай кезінде 5 адам болыпты. Олардың тек 1-еуі зардап шеккен.
«Кезекші дәрігер қыз балаға алғашқы көмек көрсеткен. Қанын тоқтатқан. Ол туберкулезге қарсы диспансерден №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Науқас дәрігерлер қадағалауында болады», - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Еске сала кетейік, бұған дейін туберкулезге қарсы диспансерде ойнап жүрген қыздың бетіне төбеден плита құлағаны жайлы жазған болатынбыз.